Аңызға айналған америкалық кәсіпқой боксшы Рой Левеста кіші Джонс Түркістанға өзінің былғары қолғабын сыйлап, жақында тағайындалған қала әкімі Рашид Аюповты жаңа қызметімен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Бұл жөнінде Рашид Аюпов өзінің Instagram парақшасында хабарлады. «Аңызға айналған америкалық кәсіби боксер, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, жартылай ауыр салмақ категориясындағы әлемнің абсолютты чемпионы әрі менің бауырым кіші Рой Джонс Түркістан қаласына және жастарына деген сый-сияпатын жіберіп, өзі де таяуда келемін деп уәде берді. Қала күніне күтеміз!» - деп жазады қала басшысы.