2019 жылдың 5 шілдесінде Әзірбайжан Республикасының Президенті жанында құрылған азаматтарға және әлеуметтік инновацияларға қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік агенттігі, «ABAD» заңды тұлғасы мен Қазақстан Республикасы, Түркістан облысының әкімдігі арасында қолөнер саласындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту саласындағы өзара ынтымақтастық келісім жасалды. Келісімге«ABAD» ұйымының директоры Руфат Эльчиев пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев қол қойды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды деп жазады turkistannews.kz,

Құжат Әзірбайжан елініңАВАD моделінің негізінде Қазақстан Республикасының Түркістан облысында халықтық сәндік-қолданбалы өнер саласында шағын және микро кәсіпкерлікті дамыту үшін ынтымақтастықты көздейді.

Түркістан облысының делегациясы Әзірбайжан қолөнершілерінің бірінші республикалық фестиваліне қатысып, Қазақстан мен Әзірбайжан мәдениетінің өзара тығыз байланыста екенін атап өтті.

Әзірбайжандықтар Түркістан облысы делегациясының сапары нәтижесін жоғары бағалады.

Сонымен қатар, осы сапарында Түркістан облысы әкімінің орынбасары М. Мырзалиев Түркістан қаласындағы Шығыс базарының құрылысы бойынша әлеуетті инвесторлармен кездесті. Әзірбайжан инвесторлары бұл салаға да қызығушылық таныттты. Алдағы уақытта осы ынтымақтастықты егжей-тегжейлі талқылау және өңірде инвестициялық жобаларды іске асыруды бастау үшін жауапты сапар жоспарланып отыр.