Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі аясында «Бейбітшілік қабырғасы» монументі алдында әлемдік дін басшылары бір уақытта мінажат етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дін басшыларының құдайға сыйыну процедурасы бірнеше минутқа созылды. Осыдан кейін Бейбітшілік қабырғасының алып экранынан әлемдегі ең ірі апаттар, ядролық қару жарылыстары туралы видео көрсетілді. Мәтін орыс тілінде болғанымен, қатысушылар үшін тікелей аударма жүргізілді.

https://www.inform.kz/kz/alemdik-din-basshylary-astanadagy-beybitshilik-kabyrgasynda-minazhat-etti_a3418164