Шымкент қаласынан сайланған ҚР Сенатының жаңа мүшесі Айгүл Қапбарова Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі болды, деп хабарлайды turkistannews.kz ақпараттық порталы, tengrinews сайтына сілтеме жасап.

"Депутат Қапарова Айгүл Жарылқасынқызы Шымкенттен сенатор болып сайланды. Айгүл Қапбарова - Қазақстанның оңтүстігінен келген әдемі қазақ әйел. Бұл кісіні жіберу үшін менің тілегім қабылданды. Әкімдік пенен мәслихатқа алғыс айтамыз (Шымкент. - Ескерт.). Депутаттық қызметте табыстар тілейміз", - деді Сенат төрағасы Дариға Назарбаева.

Айгүл Қапбарова палатаның жалпы отырысында ант берді. 

Дариға Назарбаева жаңа сенатор әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде жұмыс істеуге ниет білдіргендігін жеткізді.  Палата депутаттары бұл шешімді бірауыздан қолдады. 

Айгүл Қапбарова - 1975 жылы туған. "Шымкент келбеті" және "Панорама Шымкента" газетінің директоры - бас редакторы, Nur Otan партиясының мүшесі.