Қарағанды облысында Қарағанды –Теміртау тас жолында ЖКО салдарынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"29 маусым күні Daewoo маркалы автокөлігінің жүргізушісі алдын ала мәліметтер бойынша Қарағанды бағытында келе жатып, көлігін басқара алмай, қарсы бағытқа шығып, 36 жастағы облыс тұрғынының басқаруындағы Audi автокөлігімен соқтығысқан. ЖКО салдарынан екі жүргізуші де, сондай-ақ, екі көліктің төрт жолаушысы да алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады полициядан.
Апат орнынан әр түрлі жарақаттармен ауруханаға үш адам жеткізілді.

Полицияда ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлімі "темір жол, әуе, теңіз немесе өзен көліктерін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.


Дереккөз: информбюро