Нұр-сұлтан қаласында Елорда күнін мерекелеуге арналған шығындарды үш есеге қысқартты. Ірі іс-шаралар, оның ішінде жыл сайынғы шетелдік және отандық жұлдыздардың қатысуыменен өтетін ореп-аіг тоқтатылды, деп хабарлайды turkistannews.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Жыл сайын Елорда күнін мерекелеу аясында 300-ден астам іс-шаралар өткізілетін. Алайда биылғы жылы мерекелік іс - шараларға арналған бюджет шығындарын оңтайландыру мақсатында үш есеге қысқарып, кестеден қазақстандық және ресейлік эстрада жұлдыздарының қатысуымен ореп-аіг, ашық аспан астындағы гала-концерт, Елорданың басты алаңдарындағы халықтық көпшілік серуен және басқа да шығын шаралары алынып тасталды", - деп хабарлады әкімнің орынбасары Ерлан Қаналимов ОКҚ брифингінде. 

Оның айтуынша, бюджетті қысқарту жөніндегі жоспарлар бұрыннан қалыптасқан және Арыстағы қайғылы оқиғалар сияқты соңғы оқиғаларға байланысты емес. 

Сонымен қатар, оның айтуынша, мерекелік салют үш алаңнан жасалады. 6 шілдеде елордада 100-ге жуық іс-шара өткізіледі, оның 73-і тегін.