Алматы қаласының Медеу аудандық соты бейсенбіде Медеу мұз айдынында қоғамдық дәретханада қызды зорламақ болған, айыпталушыға қатысты үкім шығарды. Ер адам кінәлі деп танылып, үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, сот 300 мың теңге көлемінде моральдық зиянды өтеуі керек деген үкім шығарды,- деп хабарлайды turkistannews.kz порталы InAlmaty.kz сілтеме жасап.

Құрманәли Аслан Құрманәлиұлы үстіміздегі жылдың наурыз айында Медеу мұз айдынында қыз зорламақ болды деген күдікпен ұсталған болатын. Тергеу барысында кепілдеме төлеп, бостандықта жүрді.

1988 жылы туылған сотталушы өз кінәсін толық мойындап, кешірім сұрады. Ол жәбірленушіге моральдық шығынды төлеуге дайын. Айта кету керек, сот процессінде прокурор ең жоғары қауіпсіздік колониясынан 4 жыл жаза сұраған. болатын. 

Сот 120 бабтың 1-бөлігі бойынша орташа ауырлықтағы қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 3 жылға 6 ай бас бостандығынан айырды және моральдық шығын үшін 300 мың төлеуді міндеттеді.