Ақтөбе қаласының әкімі болып Мавр Абдуллин тағайындалды, деп хабарлайды turkistannews.kz порталы kapital.kz сайтына сілтеме жасап.

Осыған дейін ол облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Абдуллин шаһарды 2016 жылдың 4 шілдесінен бері басқарған Ілияс Испановты ауыстырды. 

Мавр Ерғалиұлы Абдуллин 1973 жылы дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын "экономист-менеджер"мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 1990 жылы Ойыл аудандық (Ақтөбе облысы) ДЭУ-40 ұйымында бастаған. Аталмыш ауданда жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. Ойыл аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Ойыл ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
2012 жылдан 2015 жылға дейін-Ақтөбе облысы Ойыл ауданының әкімі.
2015 жылдан 2017 жылға дейін-Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімі.
2017 жылдан 2019 жылға дейін-Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болған.