Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарованың пікірінше, егер ресейліктер өздерін қадірлі қонақ сезінбесе, Грузияға бармауы тиіс, бұл туралы turkistannews.kz порталы ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова жексенбі күні Грузия президенті Саломе Зурабишвилидің ресейлік туристерге шақыруына жауап берді. Оның пікірінше, егер ресейлік туристер Грузияда өздерін "құрметті қонақтар" сезінбесе, онда олар сонда бармауы тиіс. Захарованың пікіріне сәйкес туристер өздерін тек қауіпсіз емес, ең бастысы жайлы сезінуі тиіс. Ондағы саяси және өзге мәселелер жайында сөз қозғалмай, "алыс, алыс тауларды" деп басталатын ақ тілектерді ғана естуі керек. Себебі туристер грузин халқының ыстық жүректері менен ақ тілектеріне қызығып барады-мыс.

Осыған дейін, Грузия президенті Саломе Зурабишвили ресейлік туристерді ешбір жағдайға қарамастан Грузияға келуге шақырған болатын. Ал саясаткерлерге туындаған мәселені оңтайлы шешіп, дұрыс әрекет жасауға шақырды.

Ал РФ президенті В. Путин болса, 8 шілдеден бастап Грузияға және Грузиядан келетін әуе желісінің рейстеріне уақытша тыйым салу туралы Жарлыққа қол қойды.