Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Полиция күнімен құттықтады, деп хабарлайды, turkistannews.kz ақпараттық порталы. Бұл туралы ол өзінің twitter аккаунтында жариялады. 
"Барлық полицейлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын.  Сіздердің жұмыстарыңыз қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты. Адамдар сіздерге үміттенеді. Сіздерге сәттілік пен амандық тілеймін!", - деп жазылған құттықтауда.
Қазақстандағы полиция қызметкерлерінің мерекесі жылда 23 маусымда аталып өтіледі.