Туыстары жиырма күн бойы іздеген Батура Мамедованың қалай өлім құшқаны белгілі болды, деп хабарлайды turkistannews.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жұмысынан қайтқан 40 жастағы әйелді ерлі зайыптылар 100 мың теңге үшін өлтірген. Туыстары өздері іздеу салып, милиция қолына тіпті куәгерлерді де жетектеп алып барған. Алайда құқық қорғау өкілдерінің салғырттық танытып, кеш қозғалғандықтары туыстарының ызасын тудыруда.

Оқиға болған күні Батура Мамедова әдетінше үйіне қарай беттеп, Ащыбұлақ ауылына дейін такси ұстаған. Әрі қарай Көкқайнар ауылына дейін де таксиге отырған. Міне, осы кезде оны жеткізіп салмақ болған жас отбасы көк қағаз толы әмиянды көріп, көздері қозған. Артқы орындықта отырған әйелі 8 мәрте пышақпен ұрып, рөлдегі күйеуі жұлқылап, шашын жұлған. "Өлтіруде, көмектесіңіздер" деген жан айқайынан кейін көлікті дереу қоттап, оқиға орнынан кетіп қалған. Осы кезде куәгерлер көмекке келіп үлгермегендіктерін айтады.

Әрі қарай әйелді қала шетіне апарып, жұлқылап ұрып, шашын жұлып, бетін тіліп тастаған. Кейін көміп кеткен. Туыстары бетін әбден тілгендіктен мәйітті дұрыс тани алмай біраз қиналған. Сондағы бар себеп 100 мың теңге менен мойнындағы алтын алқа болатын.

Марқұмның артында үш бірдей баласы қалды. Қайғыдан қан жұтқан жақындары Батура Мамедованы азаптап өлтірген ерлі-зайыпты жазадан құтылып кетпесе екен деп алаңдатушылық білдіруде.