Ресейдің "Аэрофлот" ең үлкен авиажелісі 8 шілдеден бастап Грузияға рейстер ұшпайтындығы жөнінде ақпараттандырды, деп хабарлайды turkistannews.kz порталы ТАСС-қа сілтеме жасап.

Осыған дейінгі барлық рейстерді дейінгі аралыққа алуға кеңес беруде. 8 шілдеден кейінгі барлық рейстердің билеттерің құны толық кері қайтарылады. "Аэрофлот" балама ретінде Ереван немесе Владикавказ сапарын жасауды ұсынады.

 Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин жұма күні Жарлыққа қол қойды. Оған сәйкес 8 шілдеден бастап Грузиямен жолаушылар әуе қатынасына уақытша тыйым салынады. Туроператорлар мен турагенттерге "тыйым салынған уақытта Ресей Федерациясының аумағынан Грузия аумағына азаматтарды тасымалдауды (оның ішінде коммерциялық) көздейтін туристік өнімді азаматтарға ұсынудан бас тарту" ұсынылды.