Алматы қаласының Байсейітова менен Құрманғазы көшелерінің қиылысында Денис Тенге арналған ескерткіш қойылды, деп хабарлайды turkistannewz.kz порталы спутник-ке сілтеме жасап.

Естеріңізде болса, 2018 жылы 19 шілдеде дәл осы жерде көлік әйнегін ұрлаушы екі азамат пенен Денис арасында төбелес болып, мәнерлеп сырғанаушы қаза тапқан болатын. Оқиғаны ҚР ІІМ өз бақылауына алып, арада 48 сағат өтпестен қылмыскерлер ұсталып, қазір жазаларын өтеуде.

Мүсін авторы Санкт-Петербургтық Матвей Макушкин. Мүсін толықтай қоладан құйылған, ал постаменті граниттен жасалған. Мемориалдың биіктігі 2,4 метрді құрайды.

Ескерткіштің ашылу салтанатына спортшының ата-аналары Юрий мен Оксана Тен, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева, үш түрлі салмақ дәрежесіндегі төрт дүркін әлем чемпионы, ауыр атлет Илья Ильин, әдебиет және өнер саласындағы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, пианист Жәния Әубәкірова, Қазақстан кәрістері қауымдастығының президенті Сергей Огай қатысты.