Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келешек ұрпаққа арналған жолдауы бар «уақыт капсуласын» салды, деп хабарлайды turkistannews.kz порталы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті рәсімге қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде қазақстандықтардың болашақ ұрпағы үшін бұл жолдаудың ерекше мәні бар екенін айтты.

– Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның бағындырған белестері аз емес. Аға буын бүгінгі жастардың бақытты өмір сүруі үшін біздің қандай қиын кезеңдерді бастан өткергенімізді жақсы біледі. Біз еліміздің игілігі үшін жұмыс істедік. Қазақстанды әлемге таныттық, – деді Елбасы.

Соңында Елбасы қазіргі жастардың Қазақстанды нығайтып, өркендету үшін еңбек ете беретініне сенім білдірді. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін біз Елбасының Алматы облысында спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысқанды жөнінде айтқан болатынбыз.