Мемлекет басшысы өзінің сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл Жоспарын бекітті, деп хабарлайды turkistannews.kz ақпараттық порталы Ақордаға сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды тұғырнамасы мен «Бірге» жалпыұлттық акциясының барысында ел азаматтарынан келіп түскен ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. 

Жоспар сот жүйесін жетілдіру, полиция қызметіне қоғамдық бақылауды күшейту, әлеуметтік көмек берудің біріңғай стандартын бекіту сынды бірнеше басты бағыттардан тұрады.

Жоспардың орындалуын бақылау Президент әкімшілігіне тапсырылды.