Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып Дархан Жазықбаев тағайындалды, деп хабарлайды turkistannews.kz

"Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Жазықбаев Дархан Медеғалиұлы ҚР Мемлекетік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Дархан Медеғалиұлы 1967 жылы туылған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, ҚР ІІМ Қостанай заң институтын бітірген. Философия ғылымдарының кандидаты. 

Осы қызметіне дейін ҚР Парламент сенаты аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған.