Argymaq.kz сайтының бас редакторы Ержан Жаубай "Киелі Қазақстан" экпедициясын толықтай ат үстінде жүріп өтпек. Бұл туралы Арғымақ сайтында баяндалған. 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Туризм комитетінің бастауымен жүзеге асатын шара Нұр-Сұлтан қаласынан бет алып, Жасыбай көліне дейінгі аралықты қамтымақ. 

Экспедиция құрамында 30-ға жуық адам (оның 11 атпен) толықтай медициналық және техникалық жабдықтармен қамтамасыз етіліп, жолға аттанбақ. 

Экспедиция мүшелеріне сәттілік тілейміз!