Әнші Мөлдір Әуелбекова жақсы жан болса, тұрмыс құрғысы келетінін айтты. Бұл туралы ол «НТК» арнасынан шығатын «Ревю» бағдарламасында сөз қозғады. 

«Әр адам бақытты болуға лайық. Өзімнің де үмітім бар. Егер мені түсінетін, өнерімді түсінетін мейірімді жан болса, тұрмыс құруға дайынмын. Бір-ақ талап бар: мені баламмен бірге қабылдаса», - деді Мөлдір Әуелбекова. 

Сонымен қатар, әнші жар таңдаған кезде тектілікке де қарау керектігін айтты.

«Оның ата-анасы кім? Арғы тегі қандай? Білімі бар ма? Осының барлығына қарау керек екен», - деп аяқтады ойын Мөлдір.