«Қазақстан» РТРК АҚ» директорлар кеңесінің шешімімен «Қазақ радиолары» ЖШС бас директоры болып Жұмағали Құрманбек Жұмағалиұлы тағайындалды, деп хабарлайды turkistannews.kz порталы kaztrk.kz сайтына сілтеме жасап.

    Жұмағали Құрманбек Жұмағалиұлы 1985 жылы 27 тамызда дүниеге келген. 2008 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған. Масс-медиа және телеменеджмент саласында 10 жылға жуық тәжірибесі бар.

2004-2007 жылдар аралығында – «Қазақстан» РТРК» АҚ-да бағдарламалардың редактор - жүргізушісі; 

2007-2013 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының продюсері, «Хабар» агенттігі» АҚ қорытынды жаңалықтар жүргізушісі; 

2013-2014 жылдар аралығында Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі; 

2014-2015 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры, «Сенбілік кездесу» ток-шоуының жүргізушісі;  

2015 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Аймақтық дамыту дирекциясының директоры; 

2017 жылы «Алматы» телеарнасы Бас директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

 2017 жылдан бүгінге дейін Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымында болды.