Туған қызына үйленген америкалық түрмеден бірақ шықты, деп хабарлайды http://turkistannews.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ тың Небраска штатында өзінің қызына үйленген азаматқа сот шешім шығарды. 2018 жылдың күзінде 40 жасар Трэвис Филдгроув пен 21 жасар қызы Саманта Кершнер арасындағы қатынастарға байланысты шағым түскен болатын. Қызы мен әкесі араларында болған төсек қатынасын жасырмаған еді. 

Анасы Кершнерді биологиялық әкесімен үш жыл бұрын таныстырған. Оған дейін екеуі мүлдем кездеспеген.  Филдгроувтың айтуынша ол Кершнерді қызы ретінде қабылдамаған. 

Кершнер бұл оқиғаға әпкесінің қатысы барын айтады. Апалы-сіңлілілер әкесін кім бірінші өзіне қаратып алады деп бәстесіп, Кершнер әкесінің басқа адамға қарағанын қаламай осындай іске барған. 

ДНҚ нәтижелері бойынша Кершнер Филдгроувтың туыстығы дәлелденген. Соны ескере отырып, Филдгроувты сот 2 жылға бас бостандығынан айыруға шешім қабылдады.