АҚШ өз азаматтарының Кубаға сапар шегуіне жаңа шектеулер енгізді деп хабарлайды http://24.kz

АҚШ өз азаматтарының Кубаға сапар шегуіне жаңа шектеулер енгізді. Енді америкалықтар білім саласында халықаралық алмасу бағдарламасы бойынша Кубаға бара алмайды. Бұдан бөлек Қаржы министрлігі жекеменшік және корпоротивтік ұшақтар мен кемелердің Кубаға саяхаттауына тыйым салды. Шара Гавананың аймақтағы АҚШ-қа қарсы саясатымен күресуге бағытталған. Себебі, Куба Венесуэла мен Никарагуада тұрақсыздық тудырып отыр дейді. Ал санкция оның қауіпсіз күштерінің туризмнен түскен кірісті осындай мақсатқа пайдалануына кедергі болмақ. Алайда тұрғындар шектеу шаралары аралды елдің онсыз да әлсіз экономикасына зор нұқсан келтіретінін айтады.