Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева екі айға қамауға алынды. 

«Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Эльмира Суханбердиеваны тамыздың екісіне дейін қамауға алу түріндегі бұлтарпау шарасын таңдады», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі. 

Эльмира Амангелдіқызы Атырау өңірінің тумасы. Психология ғылымдарының кандидаты. 

Еңбек жолына Шевченко қаласының №16 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімінен бастаған ол педагогтық барлық сатыны өткен. Мұнан бөлек, "Қазақстан" телерадикорпорациясында жауапты қызметтер атқарған. Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының басшысы, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының V шақырылымдағы депутаты.

Естеріңізде болса, бұған дейін Ұлттық бюроның білім және ғылым вице-министріне қатысты қылмыстық іс қозғағандығы туралы айтқан болатынбыз. Күдіктіге қандай айып тағылғаны әзірге белгісіз.