Орта салмақтағы экс-чемпион қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) жеңіліп көрмеген канадалық Стив Роллспен (19-0, 10 КО) болатын жекпе-жекке қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Чемпиондардың кездесуі үстіміздегі жылдың 8 маусымда Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden алаңында 74 келіге дейінгі аралық салмақта өтеді. 

"Мен Стивті сыйлаймын. Онымен жекпе-жек оңай болмайды. Мен осыған дейін де айтқандай бокста әркімнің жеңіске жетуге мүмкіндігі бар. Роллс ештеңе жоғалтпайды, ал жеңіске жетсе барлығын алады. Сондықтан да ол Нью-Йоркте мен үшін ең қауіпті боксшының бірі. Мен кездесуді соңына дейін апарамын ба, әлде уақытынан бұрын аяқтаймын ба? Бұл бокс, оны білмеймін. Маған мүмкіндік берсе, мен кездесуді ертерек аяқтаймын", - деді Головкин.

Головкин — Роллс жекпе-жегін «Qazsport» телеарнасы ресми түрде көрсететіндігін жариялады.Тікелей көрсетілім 9 маусым күні 06:00 де Нұр-Сұлтан уақытыменен басталады.