Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Алтын ұям» жобасы қолға алынғаны белгілі. Өңірдің түкпір-түкпірінде түлектер елді игі істерімен қуантуда. Сондай жағымды жаңалық Жетісай ауданынан да жетті. Бұл туралы Turkistannews.kz ақпарат агенттігінің өңірдегі меншікті тілшісі хабарлайды.

Осы аудандағы Аманкелді атындағы №19 жылпы орта мектептің 1999 жылы бітірген түлектері өздері оқыған білім ұясына демалып отыруға арналған орындарды (беседка) тарту етті. Сонымен бірге мектептің мәжіліс залының сахнасын безендіруге үлес қосты. Ұстаздарын арнайы барып құттықтаған түлектер 20 жылдықты осылай атап өтті