Мектепті 10, 20 жыл бұрын бітірген түлектердің өнегелі істері "Алтын ұям" жобасы аясында насихатталып жатқанынан оқырман хабардар.  Осындай игі іс Түркістан облысы,  Шардара ауданында да ұйымдастырылды. «Шардара» мектеп-лицейін 2008-2009 жылы бітірген түлектер «Қарекет» қайырымдылық қорымен бірлесіп,  6 баласы бар жалғызбасты ана Эльмира Жаңбыроваға 3 бөлмелі пәтерді сыйға тартты. Бұған дейін пәтер жалдап келген Жаңбыровтар отбасы өздеріне жасалған мұндай тартуға риза болып, шын жүректен алғыстарын білдірді. 
Жалпы Шардара ауданының мектеп түлектері қайырымды істерімен, жомарт жүректерімен өзгелерге үлгі болып келеді. "Рухани жаңғыру" бағдарламасында айтылғандай,  туған жерге үлес қосу деген перзенттік борышты адал атқарып жүрген сыныптастарға жұртшылықтың ықыласы өте жоғары.