Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Алтын ұям» жобасы қолға алынғаны белгілі. 

Облыстың түкпір-түкпірінде азаматтар қайырымдылық жасаудан жарысып жатыр деуге болады. 

Шардара ауданы, Ұзын  ата  ауылдық округінің, Ұзын ата жалпы орта мектебінің 1982 жылы туған түлектері оқушыларға тамаша сый жасады. Дәлірек айтсақ, өздері білім алған мектеп маңынан балаларға арналған ойын және жаттығу алаңын салып берді. Мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуын игі іспен өрнектеген түлектерге тұрғындар риза.