3 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек атмосфералық фронттардың ықпалында болатын батыс және шығыс аумақтарда жауын жауып, найзағай ойнайды. Сондай-ақ республиканың кей жерлерінде күшті жел соғып, тұман түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Шығыс Қазақстан, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында 15-20 м/с екпінде жел күтіледі. Жамбыл, Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Алматы, күндіз Манғыстау облыстарының кей аумақтарында найзағай болжанады. 

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында күндіз жел 17-22 м/с күшейеді. Сонымен қатар Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

https://www.inform.kz/kz/3-kazan-eldin-basym-boliginde-zhauyn-shashynsyz-otedi_a3408408