Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Алтын ұям» жобасы аясында мектеп түлектері игі істерімен қуантып жатыр. Ақжолтай жаңалықтардың бірі Келес ауданы, Алпамыс батыр ауыл округінен жетті.     Осындағы Сұлтанбек Қожанов атындағы орта мектебінің 1999 жылғы түлектері туған өлкеге тамаша сый жасады. Биыл мектеп бітіргеніне 20 жыл толған сыныптастар ортадан миллион теңгеге жуық қаражат жинап, ауылдағы мешітті жөндеуден өткізіп берді. Оның инфрақұрылымын, төбесін ретке келтіріп, жылы су мен газ кіргізіп, жұртшылықтың алғысына бөленді. Бір айта кетерлігі, құрылыс жұмыстарына түлектердің өздері атқарған. Жиырма жылдықты сауапты іспен өрнектерген түлектерге ел риза.