Мақсаты: Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы басымдықтарды негізге ала отырып, әрбір азаматты туған өлкесіне қамқорлық жасауға, қайырымдылыққа бағыттау. 
«АЛТЫН ҰЯМ» жобасы аясында түлектер мектеп бітіргендеріне 10, 20, 30 жыл толуына арналған мерейтойларда сән-салтанат орнына білім алған мектебіне, туған ауылына көмек көрсетеді. 
Көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға жәрдем жасау, баспана алып беру секілді сауапты істерге басымдық беріледі. 

Мерзімі: «АЛТЫН ҰЯМ» жобасына 2019 жылдың 10 қазанына дейін атқарылған жұмыстар қабылданады. 
Өткізілу тәртібі: Әр аудан, қалалардағы барлық мектептің әр жылғы мектеп бітіруші түлектерінің жасаған қайырымдылық шараларының (ауылға, мектепке, спорт алаңшаларын соғу, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға көмек көрсету, әлеуметтік дүкен ашу, көпір, жол салу т.б)
Қайырымдылық шаралары туралы мәліметтер kaz879095@mail.ru электронды поштасына немесе 8 707 159 20 61 whatsUpp нөміріне жолдануы тиіс.
Бұл қайырымдылық шаралары фотосуреттерімен бірге Turkistan News  ақпараттық порталының «АЛТЫН ҰЯМ» жобасы блогына орналыстырылады.
Үздік қайырымдылық шаралары оқырман тарапынан көп қаралым жинағанына және ұйымдастыру алқасының сараптауы нәтижесінде марапатталады. Яғни, оқырмандар белгілі бір қайырымдылық шарасы туралы ақпаратты оқыса, ол бір дауыс болып есептеледі.
Қорытындысы: Жыл соңында дауыс беру нәтижесімен жеңіске жеткен түлектер облыс орталығына шақырылып, облыс әкімдігі тарапынан марапатталады. Түркістан облысы әкімдігінің басшылығымен кездесіп, пікір алмасады. 
Қайырымды түлектердің игі істері мен бастамалары БАҚ-та кеңінен насихатталып, суреттері аудан, қалалардағы бильбордтарға ілінеді.


Жобаны ұйымдастырушы: Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасы.