♻️ Түркістан облысында 2 миллионнан астам тұрғын, «Nur Otan» партиясының 80 мыңдай мүшесі бар. Праймеризге қатысу көрсеткіші бойынша да бұл өңір бірінші орында тұр. Сондықтан алдағы сайлауда Парламент Мәжілісіне Түркістан облысы бойынша партиялық тізімге кімдер енетінін анықтау өте жауапты әрі маңызды іс екені анық.