12 қарашада Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының XL конференциясы өтті. Оған БПҰ жиналыстары шеңберінде сайланған 50 делегат қатысты.
Жиында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тұрсынәлі Дүйсенбеков партияның аудан бойынша әзірленген сайлауалды бағдарламасы туралы баяндады. Делегаттар бағдарламаны бірауыздан бекітті. Сонымен бірге кофнерецнияда облыстық конференцияға қатысатын делегаттар сайланды.
Конферецнияның маңызды тұсы – праймериз үздіктері арасындағы дебат болды. Аудан бойынша көп дауыс жинап, суырылып шыққан үміткерлер бағдарламаларын таныстырып, бір-біріне сауалдарын жолдады. Жалпы пікірсайысқа 4 кандидат түсті. Нәтижесінде 2 үміткер жоғары дауыспен облыстық мәслихат тізіміне өтті. Атап айтсақ, Ғабиден Қапалбаев 48 делегаттың дауысына ие болса, Нұршат Арынбекова 21 дауыс жинады.
Бүгінде Бәйдібек аудандық мәслихатында 13 депутаттық мандат бар. Жаңа ережеге және праймериз қортындысына сәйкес, депутаттық құрам көп өзгеріске ұшырамақ.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі