Бүгінде әлем мойындаған тәуелсіз еліміздің уығын керіп, шаңырағын көтеріп, іргесін бекіткен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың халық алдында, мемлекет алдында еңбегі орасан зор.

Мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындаған болашақтың бағдарламасы ретінде Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жарық көріп, онда Президент алдымызға дамыған отыз елдің қатарына ену міндетін қойды.

Осындай міндеттерді орындауда «Балмұздақ» ЖШС- сі алдыңғы орындарда келеді.

Бүгінде Бірінші Мамыр елді мекеніндегі «Балмұздақ» ЖШС-нің ұжымында 170 адам жұмыс істеуде. 

Елбасы жүргізген мүлтіксіз саясаттың арқасында біздің де  кәсіпорынға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілді. Нәтижесінде «Балмұздақ» ЖШС-нің өнімдері тек қана Түркістан облысында ғана емес, Республикамыздың солтүстігінде, Алматы, Астана, Ақтау, Астана, Тараз қалаларында да үлкен сұранысқа ие болды. «Балмұздақ» ЖШС зауытты модернизациялау жобасымен ҮИИД бағдарламасына қатысты. Сондықтан ұжым атынан Нұрсұлтан Әбішұлына өз алғысымызды айтамыз.

Отандық кәсіпорындарға қолдауын аямаған Ұлт Көшбасшысының атымен аталуына, елордамыз Астана қаласының атын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы шешімді бірауыздан қолдаймыз.

Түркістан облысы, төлеби ауданы  бірінші мамыр елді мекеніндегі «балмұздақ» жшс-нің ұжымы