Түркістан облысының зиялы қауымы Қазақстанның тұңғыш Президентіне ашық хат жазды. 

«Құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы, отыз жылға жуық Қазақстанды абыроймен басқарып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолында аянбай еңбек еттіңіз. Осы жылдар аралығында мемлекетіміздің шекарасын бекітіп, әлемдік дағдарыстан құтқардыңыз. Елордасы – Астана қаласын көркейтіп, талай жастың мақсатын ұштап, арманына жеткіздіңіз. Түркістанды облыс орталығы етіп, рухани астананың мәртебесін көтердіңіз. Осы орайда, біз – түркістандық зиялы қауым, сіздің Астананы салудағы және киелі шаһар Түркістанды облыс орталығы еткен елеулі еңбегіңізді ескере отырып, Астана қаласына «Нұр-Сұлтан» атауын беру бастамасын түбегейлі қолдаймыз. Бұл – сіздің маңдай теріңіздің кішкене өтеуі деп ойлаймыз», деп жазылған ашық хатта.