Түрік басшы Режеп Тайып Ердоған Чехия басшысы Земанның пікірінше өз мемлекетін исламдандыру саясатын жүргізуде.

Чехия президенті Милош Земан Түркияны «ДАИШ*-тың нақты одақтасы» деп санайды. 

Бұл туралы чех басшы Карловарский аймағына (Батыс Чехия) жасаған сапарында қоғамдастық өкілдерімен болған кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды СТК ақпарат агенттігі.

«Неге [түріктер] күрдтерге шабуыл жасайды? Себебі олар  «ДАИШ*-тың нақты одақтасы», - деп мәлімдеді Земан қатысушылардың қойған сұрағына жауап бере отырып. - Бұл Түркияның НАТО-ның мүшесі және қабылдануы неғайбыл Еуроодаққа кірсем деген ниетінің болғанына қарамастан, олар [лаңкестер] Сирия мен Ирактың атаулы бөлігін басып алып жатқанда Түркия логистикалық операцияларда «ДАИШ*-ты» қамтамасыз ету бойынша делдал болды. Бұл мәселен, мұнай тасымалдау [лаңкестер басып алған аймақтардан] және осыған ұқсас жайттар», - деді Чехия президенті.

Түрік басшы Режеп Тайып Ердоған Чехия басшысы Земанның пікірінше өз мемлекетін исламдандыру саясатын жүргізуде. «Бұл [Кемал] Ататүріктің зайырлы мемлекеті емес, ислам идеологиясын ұстанушы мемлекет, демек бұдан шығатыны олар ислам радикалдарына жақын тұр деген сөз», - дейді чех басшы.

 

ДАИШ*- Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған лаңкестік ұйым.