Ақпараттық қоғам өзен ағысымен жарыса дамып келеді. Ақпарат тасқыны күн сайын еселеніп өсуде. Адам мен ақпарат ажырамас бірлік болды.Медиабілім,медиамәдениет,медиапсихолия сынды жаңа ұғымдар мен ғылыми терминдер дүниеге келді.

Медиа сөзі неге тамырын терең жайды? Медиапсихология ақпарат әлемі үшін қаншалықты маңызды? Қазіргі уақыт ақпараттық-технологиялардың қарқынды дамыған уақыты. Біз қазіргі өмірімізді сол ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Бүгінгі заманды ақпараттық, ақпараттандыру заманы десек артық айтпаспыз. Бұл жағдай ақпараттық революцияның екпінді дамуы нәтижесі. Ақпарат мемлекеттік басқарудың басты ресурсына айналды. Тіпті ақпараттық мемлекет деген жаңа термин пайда болды.Халықтың жас мөлшеріне,талғамына,әлеуметтік жағдайына аудиториялары мақсатын қамтиды.

Медиапсихологияның ақпарат әлеміне қосар үлесі зор. Әр адамның, әр аудиторияның талғамына сай жұмыс жасап, аудиторияны қамту – медиапсихологияның негізгі мақсаты. Телевизия, радио, газет және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары өзінің болмыс-бітімімен де қоғамның дамуына шешуші ықпал етеді және оның әсерін болжап білудің өзі қиындық туғызады. Байқап қарасақ, ақпараттық қоғамды дамыту арқылы біз еріксіз әрбір саланың дамуына күш салмай-ақ серпін береміз. Қазіргі қоғамның ақпараттық технология кірікпеген саласы жоқ шығар. Ақпараттық қоғамда басты ресурс ақпарат деп түсіндік. Ал ақпарат дегеніміз –білу, яғни білім.

Ақпаратпен қамтамасыз ету, ақпараттандыру процесі –өміріміздің әр қырында білімді, білуді арттыру және сол білгенді дұрыс қолдану мен пайдалану. Пайдаланып қана қоймай, дұрыс басқару деп түсінген жөн. Медиапсихология саласының аудиторияның қамтып жұмыс істеуі ақпараттық қоғамның сатысының біршама жоғарылап,дамуы.Әр адам имидждік тұлғасын қалыптастыра білуі керек.Ал бұл жолда медаипсихология саласының жемісі айқын.

Махметов Қуаныш