Ninety One – миллиондаған жанкүйерлердің жүрегін жаулаған Q-pop бағытындағы алғашқы Қазақстандық топ. Топ ұжымы 2015 жылы «Айыптама» әнімен дебют жасап, өздерін таныстырды. Ән көптеген музыкалық чарттардан алғашқы орындарды иеленіп, бейнебаяны мен топ мүшелерінің сырт келбеттері адамдардың қызығушылықтарын тудырды. Ары қарай, шығарылған күні-ақ хит болған мини-альбомдар мен синглдер халық назарына арты-артынан ұсыныла бастады.

 

Бейнебаяндар YouTube желісінде көп қаралымдар жинап, 120 елдің музыкалық чарттарында бой көрсетті. Топ құрамы бес адамнан тұрады. Лақап аттарымен танылған топ құрамындағы әр әншінің өз жанкүйерлері бар. Құрамның танымал әншісі AZ – Азамат Зенкаев топтан кетпекші. Бұл туралы Turkistannews.kz ақпараттық агенттігі Newsroom+Ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

 

Бұл хабар «қазақша Q-Pop» жанкүйерлері үшін өте ауырға соқты. Өйткені, Азамат Зенкаев топ көшбасшысы, ерекше дауысқа ие, рэп айту жанры басқаша әнші еді.

 

Азамат Зенкаев 1993 жылы Атырау қаласында дүниеге келген.

 

«K-TOP IDOLS» жобасының жеңімпазы

Дыбыс режиссері, ән авторы.

Бұл хабарды Ninety one тобы өз инста парақшасында жариялады:

 

«Жоспарланған қуанышты жаңалықтарға толы жылда, Ninety one тобы, өкінішке орай, бірқатар жағдайларға байланысты, топ мүшесі АZ-мен келісім-шартты тоқтатуға мәжбүр болды. Келісім-шарт 4 тамызда заңды түрде тоқтатылды»,-делінген инстаграм парақшасында.

 

Алайда, келісім-шарт бұзылғанымен достық қарым-қатынастың сақталатындығын тілге тиек етті.

 

AZ-ге шығармашылық табыстар тілейміз!