Түркістан облысы Кентау қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасында ковид инфекциясын жұқтырған 7 әйел аман-есен босанып шыққан. Қазір ана мен балалардың жағдайлары жақсы. Бұл туралы аурухананың бас дәрігері Гүлбану Жұмағалиқызы баяндады.

    "Қала тұрғындарын карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз. Дәрілер толығымен жеткізілді. Қазір екі айға жететін дәрі-дәрмек қоры бар. Тұрғындар тек талаптарды қатаң сақтауы керек. Сол кезде ғана бұл індетті толық жеңіп шыға аламыз. Қазір емханадан, «Жансая» шипажайынан дәрігерлер көмекке келіп, ауруханада кезекшілікке түсіп жатыр. Баршамыз біргелікті жұмыс істеудеміз" - деді.

    Қалалық орталық ауруханадағы жағдай да тұрақтала бастаған. Бұған дейін күніне 50-60 адам жедел жәрдеммен жеткізілсе, қазір бұл көрсеткіш 10-15 адамға дейін азайған.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі