Сәтбаевтағы 62 жастағы азаматтың пәтерінен табылған бес жасар қыздың жағдайы жақсарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.    

    Бүлдіршіннің ата-анасы сол күні баланы іздеуге шыққан халыққа алғыстарын білдірді.

     Кішкентай қызға қазір дәрігерлер мен психолог мамандар көмек көрсетіп жатыр. Сондай-ақ, Сүлеймен отбасының мүшелері баланың денсаулығын қалпына келтірудегі барлық шығынды өңірдегі ірі компаниялардың бірі өз мойындарына алғандарын айтады.

    Әлеуметтік желіде жазба қалдырған қыздың ата-анасы еріктілерден қаржы жинауды тоқтатып, әзірге мазаламауды өтінеді. Өйткені қазір ең бастысы баламыздың денсаулығын қалыпқа келтіру дейді.

    Еске салайық, шілденің 23-нен 24-не қараған түні Сәтбаев қаласында бес жасар қыз жоғалып кейіннен пәтерде табылған болатын.