WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес пен  IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин үшінші рет жекпе-жек өткізуге келісті, – деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Skifnews.kz порталына сілтеме жасап.

    Бұл туралы журналист Майк Коппинджер Twitter парақшасында хабарлады.

    Оның айтуынша, екі жақ бірнеше ай бұрын келісімге отырған. Журналист дереккөздерге сілтеме жасай отырып, осы жекпе-жектен «Канело» – $45 млн, ал Головкин – $30 млн табыс табатынын айтты.

    Екінші бокс кеші ұйымдастырушыларға $27 млн кіріс әкелгендіктен, үшінші жекпе-жек көрерменсіз өтпейді. Айқастың шамамен өтетін уақыты – 2021 жылдың мамыры.