20 шілдеде прокуратураның жұмыс тобы Экономикалық тергеу департаменті және Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп Өзбекстан азаматын ұстады. Ол Сарыағаш ауданының кеден пункті арқылы Өзбекстанға жалпы сомасы 3,6 млн теңге болатын коронавирусқа 952 дана декларацияланбаған тест (56 қорап) алып өтпек болған. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Жүргізушінің айтуынша, аталған медициналық құралдар Ресей Федерациясының аумағында сатып алынған, бірақ шекарадан өту кезінде оларға тиісті кедендік құжаттар ресімделмеген. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 551-бабына сәйкес әкімшілік іс жүргізу қозғалып, декларацияланбаған тест алынды.

    "Тестсіз қабылдамаймыз деді". Алматылық әйел коронавирусқа тесті болмағандықтан үйде босануға мәжбүр болған

    Сонымен қатар, 16-20 шілде аралығында, яғни 4 күн ішінде облыс аумағында жұмыс тобы 15-тен астам дәріхананы анықтады, олар дәрілік заттарды жоғары бағамен сатқан. Сонымен қатар, Келес ауданында тұрғын үйде дәрі-дәрмектерді рұқсатсыз сатқан және процедуралық қызмет көрсеткен азамат ұсталды. Аталған фактілер бойынша жиналған материалдар әкімшілік шаралар қолдану үшін уәкілетті органға жіберілді.