Моңғол елінен шыққан ару әлемдегі ең ұзын аяқ иесі атанған.

    29 жасар Рентсенхорлоо Рен Бад есімді ару бүгінде АҚШ-тың Чикагосында тұрады. Оның бойы 206 сантиметр, 134 сантиметрі мен 11 миллиметрі аяқтарының ұзындығын құрайды екен. Айтуынша, ең қиыны киім сатып алу. Өйткені 46-ншы өлшемді аяқкиімді табу қиын. Сондай-ақ бөлме арасындағы бағаналардан өтуі де оңай емес көрінеді.

    Бойының ұзындығымен ерекшеленетін Рентсенхорлоо жуырда сұңғақ бойлы аруларға арналған киімдер тігетін брендпен бірлесе жұмыс істейтінін мәлімдеген.