Жуырда ғана ересектер құрамасына өткен Атырау облысы құрамасының боксшылары Еламан Рахметоллы, Нұркен Нұрымов және Сұңқар Телманов жол апатынан қаза болды деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігі.

    «Туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Жастар құрамасынан енді ғана ересектер құрамасына ауысқан талантты жігіттердің болашағынан үміт зор еді», – делінген Қазақстан бокс федерациясының хабарламасында.

    Рахметолла, Нұрымов пен Телманов 2000 жылы дүниеге келген спортшылар еді.

    Жол апатының себеп-салдары анықталып жатыр.