Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша әлемде аштықтан зардап шегіп жатқан адамдар саны 2019 жылға қарағанда күрт өскенін хабарлады. Әрине бұған себеп —пандемия.

    2019 жылы азық-түліктің жетіспеуінен 2 млрд адам зардап шеккен. Пандемия кесірі  өндірістік дағдарысқа ғана емес, тамақ өнімдерінің таралуы мен тұтылуына да ерекше әсер етіп отыр.    

    «Коронавирус індеті денсаулықпен қатар әлеуметтік, экономика салаларына яғни азық-түліктің таралу деңгейінің одан бетер төмендеуіне, ең төменгі санаттағылардың тамақтану жағдайы нашарлауы мүмкін»,-деп қатаң ескертті БҰҰ.

    Осы санақ әрі қарай жалғасатын болса 2030 жылы аштықтан зардап шеккендер саны 840 миллионға жетуі мүмкін. Соның ішінде балалардың жапа шегу ықтималдығы жоғары. 2019 жылы азық-түліктің жетіспеуінен әлемде туылған әр бесінші баланың бойынан түрлі ақаулар табылған.

    Ашыққан 381 млн адам Азияда тұрса, Африкада-250 млн, Латын Америкасында-48 млн.

    «Құнарлы әрі пайдалы тамақтануға кедейлердің қауқары жетпейді»,-делінген БҰҰ мен ФАО дайынған баяндамада.