Аспан асты елінің Хунань провинциясының тұрғыны, 26 жасар азамат ақыл тісін жұлдырған соң, екі аптадан соң қайтыс болған деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігі Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

    Лю Гофань есімді жігіт 25 мамырда ақыл тісін жұлдырады. Бірақ арада бес күн өтсе де қан тоқтамайды. Осылайша ол медициналық орталыққа барып, жағдайын айталы. 4 маусымда оны ауруханаға жатқызады. Алайда көп уақыт ұзамастан 9 маусымда науқас көз жұмады.

    Әпкесі Лю Хань інісі өмірден өткен соң айтқандарын есіне түсіреді. Ол әзілдеп «мен қатты қансырап жүрмін. Жақында өліп қалатын сияқтымын. Мен өлген соң, несиемді төлеуді ұмытпа!»-депті. Әпкесінің айтуынша дәрігерлер інісінің ауырғанына шағымданғанын қаперлеріне алмағандығын айтады.

    Ал тексеру барысында медициналық жазбаларда Гофаньның оған дейін миелоидті аққандылық ауруы болуы мүмкін деп жазылған екен. Ал науқастың ағзасында қатерлі ісік ауруы болуына байланысты әртүрлі инфекцияларды жұқтырғыш болып келеді. Бұндай жағдайда емдеуді уақытылы жүргізбесе, бір аптадан соң өлімге алып келуі мүмкін екен.

    «Барлығына кінәлі аурухана. Інім тіс дәрігеріне өзінің жағдайын түсіндіріп айтқан. Алайда ол мән бермеген. Нәтижесінде ол тиісті ем-домды алмаған»,-дейді әпкесі.

    Қайтыс болған оның мәйітіне кремация жасатып, күлін отаны Хубей провинциясына жөнелтіледі. Сондықтан да сарапшылар мәйіттің бұрын аққанмен ауырғандығын растап немесе жоққа шығара алмайтындығын алға тартады.