Тайвань тұрғыны қысқа видео жариялады, онда оның айтуынша, әйелге ұқсайтын қорқынышты бет-әлпет түсіп қалған. Daily Mirror басылымының хабарлауынша, қыздың әкесі үш жылдан кейін видеодан белгісіз нәрсені байқап қалып, қорқып кеткен, өйткені ол бөлмеде басқа біреудің болғанын есіне түсіре алмаған, деп хабарлайды Turkistannews.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

    Оның айтуынша, қараңғы тұлға қызы билеп отырған бөлмедегі үстелдің басында отырған көрінеді. Видеоны ер адам 2017 жылдың 22 тамызында туыстарының үйінде түсірген. Жақында ол сақталған видеоларды қарап отырғанда, осы белгісіз тұлғаны байқаған. Ер адамның айтуынша, бұл қыздың елесі болған.

    Ол осы үйде тұратын туыстарының көршілері сол күні қызын жерлегенін еске алды. Ер адам сонымен бірге бөлмеде тек қызы екеуі ғана болғанын есіне түсірді. Әлеуметтік желілерде көбісі бұл адамды жалған айтты деп айыптап, бейнеге сын көзбен қарады. Алайда, бейне сарапшылар жазбаны тексеріп, бейне өңделмеген деген қорытындыға келді.