"Nur Otan"  партиясы праймериздің ережесін, өтетін мерзімін ресми түрде жариялады.  Бұл ашықтыққа, әділеттілікке бағыт алып бара жатқанымыздың көрінісі десек болады.  Праймериз арқылы ел арасында жүрген іскер, білімді, қайратты азаматтар іріктеледі. Яғни,  мәслихатқа,  Парламентке депутат болу үшін алдымен өз партияластарыңмен бәсекеге түсіп, жеңіске жетуің керек. 
    Дебаттарға қатысып, өз тұғырнамаңды таныстыруға, қорғауға мүмкіндік бар.  Депутат ретінде мен бұл бастаманы қолдаймын.   Саяси додаға тағы да қатысамын деп отырмын.  Шын көшбасшылар өз-өздерін дәлелдеп,  праймеризден өтуі тиіс.  Партия Төрағасы,  Елбасымыздың  партияны жаңғырту жөніндегі бұл бастамасы дер кезінде қолға алынған.      Ел сеніміне ие болу үшін әділ бәсекеге түсу керек.  Ендеше барша партияластарымызға сәттілік тілеймін. 
    Алмас Салимов, 
    Түркістан облыстық мәслихатының депутаты