"Кел, келінім", "Қалаулым" бағдарламаларының атышулы қатысушысы Илияс Бордатханов бағдарламаға келгендегі мақсаты мен жеке өміріндегі жаңалықтар жайлы айтты.

    Бұл туралы "Ойбай, шоу" бағдарламасында айтылды.

     Илияс алғашында "Кел, келінім" бағдарламасына қатысушы болып келді. Кейіннен "Қалаумлымнан" көрінді. Екі бағдарламадағы екі Илиястың образы екі түрлі. Сабырлы, сыпайы мінезді Илияс бірден басқа қырынан таныла бастады.

    "Менің екі бағдарламаға барғандағы себебім - махаббатымды кездестіру, жар табу болды. Алайда кездесіп жүрген қызбен де арамыз қазір жақсы емес. Алғаш экранға шығып жүргенде сәл толқып жүрдім. Камераға үйренісе алмай жүрдім. Кейіннен ішімдегі жалын оянып, басқа қырымнан шықтым", - деді ол.

    Бүгінде екі бағдарламадан да кеткен. Кішігірім жобалар жасауды қолға алған. Инстаграм арқылы ақша табады. Жарнама жасайды. Жеке өміріне қатысты ешнәрсені ашып айтпайды.

    "Бір таныс әйел болатын. Күйеуімен ажырасқан. Кездесіп, сөйлесіп, шерін тарқатып тұрады. Маған айына 100, 300 мың теңге ақша салып беретін. Жасына қарамастан 25 жастағы қыздар секілді сұлу еді. Онымен жақындасып та жүрдік", - деді Илияс.

    Илияс өзіне жағымсыз пікір көп жазылатынын айтты.

    "Мені балағаттап, сенің есің дұрыс емес, қазақтың абыройын төгесің, Қазақстаннан кет, көрсем таяқ жейсің деген пікірлер көп. Бірақ өмірде көргенде менімен суретке түсіп, сөйлесіп, жақын тартып жатады. Олардың өзі маска киіп жүр ме?", - деді ол.

    "Мен көрерменге жақсы көңіл-күй сыйладым. Бағдарлама бізге өп нәрсе үйретті. Өзімді қалай ұстау керек, қалай сөйлесу керек дегеннің бәрін. Өзімді Замира, Айжан Байзақова, Шырын Нарчаевалармен бірдеймін деп есептемеймін. Себебі мен олармен салыстырғанда мәдениеттімін", - дейді Илияс.