Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (2-0, 1 КО) кәсіпқой бокс рингіндегі өзінің үшінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол кеше АҚШ-тың Калифорния штатындағы Окленд қаласында колумбиялық Карлос Гальванмен (16-7-1, 15 КО) кездесті. Жекпе-жек төрешілердің шешімімен Жәнібек Әлімханұлының жеңісімен аяқталды. Олардың барлығы бірауыздан 60:54 ұпай берді. Осылайша енді ол кәсіпқой бокста үш рет жеңімпаз атанған боксшылардың қатарына енді. Ал Гальван өз мансабында сегізінші рет жеңіліп отыр. 

Айта кету керек, Жәнібектің келесі кездесуі жоспарланып қойған - ол 3 қараша күні АҚШ-тың Техас штатындағы Эль-Пасо қаласында америкалық Вон Александермен (12-1, 8 КО) айқасады. Бұл боксшы өзінің қылмыстық өмірбаянымен танымал. Вон Александер қару кезеніп, кісі тонағаны үшін 11 жыл бойы түрмеде отырып шыққан. 


https://www.inform.kz/kz/zhanibek-alimhanuly-kasipkoy-boksta-ushinshi-ret-zheniske-zhetti_a3404285