Биыл Түркістан қаласының тұрғындарының 60 пайызға жуығы табиғи газбен қамтылады. Ал, 2020 жылы қала толығымен табиғи газбен қамтылмақ. Бұл туралы қала әкімі Әліпбек Өсербаев халық алдындағы есебінде мәлімдеді деп жазды turkistannews.kzақпарат агенттігінің тілшісі.

«Қаланы газбен қамту 3 кезеңмен жүзеге асырылуда. І кезеңнің жұмыстары бойынша 10518 абонентке газ құбыры жүргізіліп,  43 мыңға жуық қала тұрғынына табиғи газ берілді. Бүгінде ІІ-ІІІ кезеңнің құны 20 млрд. 271 млн теңгені құрайтын 11 жобасы әзірленіп, құрылыс жұмыстары басталды», –деді қала басшысы.

 Сонымен қатар, қала тұрғындарын электр энергиясымен қамту бүгінде 99,8 пайызды құрап отыр. Есепті мерзімде 2 нысанның құрылысы аяқталып, қала аумағындағы 1566 абонент  сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді.