Екатеринбург қаласының оңтүстік-батыс ауданының тұрғындары адамның бассүйегін мүжіп жатқан қаңғыбас итті көріп, шошыған.

    Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары Әулие Валентин күні (14 ақпан) жоғалды деп хабар түскен 40 жастағы ер адамның татар-башқұрт қорымынан табылған мүрдесімен салыстыра отырып, мәліметтердің сәйкес екенін анықтаған.

    26 қаңтардан бастап туыстары дабыл қаққан ер адамның өліміне қатысты тергеу шаралары басталып кеткен. Оның мәйітінен зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған және денесүйек жатқан жердің маңынан медициналық шприцтер табылған.

    Дереккөз: https://horrorzone.ru/